Швейцарияда әлемдегі ең ұзын туннель пайдалануға берілді

Опубликовано:

Швейцарияда Альпі тауын ортасынан жарып өтетін әлемдегі ең ұзын әрі ең тереңдегі туннель пайдалануға берілді деп жазады Азаттық.

Ұзындығы 57 километрге созылатын Готард туннелімен ең бірінші болып Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Франсуа Олланд және Италия премьер-министрі Маттео Ренци саяхаттады.

Барлық сынақтан өткен соң туннельмен күніне 260 жүк пойызы мен 65 жолаушылар пойызы жүрмек. Туннельді салуға 17 жыл уақыт кетіп, 12 миллиард доллар жұмсалды. Құрылыс кезінде тоғыз жұмысшы қаза тапты.

Бұл жоба - Еуропаның Альпі тауы бөліп тұрған солтүстік және оңтүстік бөліктерін қосу жоспарының бір бөлігі саналады. Жоспардың жалпы құны 23 миллиард швейцар франкін құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1147189-shveycariyada-alemdegi-enh-uzyn-tunnel/