Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан ең үздік елдер арасында 110-шы орын алды

Опубликовано:

The Good Country өсір сүругі қолайлы, қауіпсіздігі жоғары, азаматтардың әл-ауқаты жақсы ең үздік елдер тізімін жасады. Біздің ел тізімде 110-ншы орынды иеленді.

Бұл туралы life.ru сайты жазады. Көрші Ресей бұл тізімде 72 орынға, Эквадор (71) мен Марокко (73) арасында, Украина 78 орынға, Беларусь 79 орынға тұрақтады.

Ал ең үздік ел атағын Швеция жеңіп алды. Мемлекеттерді ғылым, білім, технологиялар, мәдениет, бейбітшілік, қауіпсіздік, қоршаған ортаға қамқорлық, азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқатына қосқан үлесі бойынша бағалады.

Бірінші ондыққа сондай-ақ Дания, Нидерланды, Ұлыбритания, Германия, Финляндия, Канада, Франция, Австрия және Жаңа Зеландияенді.

Соңғы, 158 орында, Ливия орналасқан. Оның жанында - Сирия.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1152147-qazaqstangha-enh-uzdik-elder-arasynda-110/