Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапония билігі елдегі секс-отельдерге көз тіге бастады

Опубликовано:

Жапония билігі Токиодағы секс-отель (рабу-хотэру – махаббат мейманханасы) қожайындарына оларды Олимпиялық ойындар кезінде кәдуілгі қонақүйлерге айналдыруға шақырды.

Бұл туралы Lenta.Ru ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

Әңгіме бұл елде 2020 жылы өтетін Олимпиада турасында болып отыр. Жапония билігі сол кезде келген қонақтардың бәріне бірдей дәстүрлі отельдерден орын жетпей қалады деп қауіптенуде. Ал келушілер саны бірнеше миллион адам болады деп күтіліп отыр.

Жапонияда көңілдестердің оңаша кездесулеріне жол ашып тұратын махаббат мейманханалары – меттер саны қазіргі таңда 10 мыңнан асады. Мұндай отельдер әдетте бір-екі сағатқа, анда-санда ғана бір түнге беріліп тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1153291-zhaponiya-biligi-eldegi-seks-otelderg/

pixel