Мұхаммед Әлиді жерлеу рәсімі мұсылман шариғатына сай өткізілді (фото)
Опубликовано:
Мұхаммед Әлиді жерлеу рәсімі мұсылман шариғатына сәйкес жүргізілді. Имам Заид Шакир аты аңызға айналған боксшының соңғы аманаты, өзінің жерлеу рәсімі "өзгеге үлгі болатындай өтуі" екенін жеткізді.
Атақты боксшының туған жері Луисвиллде Әлиді жерлеу рәсімі екі күнге созылады. Алдымен мұсылман шариғатына сай қоштасу рәсімі өтті. Stan.kz сайты атақты спортшыны ақтық сапарға шығарып салу сәтінен фоторепортаж салды.
Оның туыстарының айтуынша, Мұхаммед Әли өзінің жерлеу рәсімінің жоспарын өзі құрып кеткен.
Жерлеу кезінде Мұхамед Әлидің табытын Уилл Смит пен Леннокс Льюис көтеретінін, боксшымен қоштасу билеттері бір сағат ішінде таратылып кеткенін хабарлаған едік.
Мұхаммед Әли өткен жұма күні 74 жасында қайтыс болды. Боксшымен қоштасу рәсіміне 14 мыңнан астам билет таратылды. Қоштасу орны Әлидің 1961 жылы соңғы төбелесі өткен Луисвиллдегі KFC Yum аренасында өтті.
Өзінің спорттық мансабында Мұхамед Әли көптеген елдерде болған және ол әлемдегі ең танымал мұсылманның бірі болды.
Мұхаммед Әли «ақшасын да, атағын да иманы мен өз талаптарын орындау үшін құрбан етуге дайын еді», – деді имам Шакир жаназа намазын оқып болған соң.
«Ислам дәуірі жүріп тұрған саясат аясында бұл жерлеу рәсімі бір мезетте жақсы мұсылман не америкалық болуға болмайды деген жауап ретінде ауыр соққы болуы мүмкін», – дейді америка-ислам қатынасы Кеңесінің мүшесі Давуд Валид.
Рәсімде сөз алған дәрігер Шерман Джексон боксерлік термин қолданып, «Әли адам бір уақытта мұсылман, әрі америкадық бола ала ма деген сұрақты нокаутқа жіберді» деді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1158156-mukhammed-alidi-zherleu-rasimi-musylma/