Ресейде қайықпен серуенге шыққан 15 бала суға кетті

Опубликовано:

Соңғы деректер бойынша Карелиядағы көлге қайықпен серуенге шыққандардың арасында 15 бала мен бір ересек суға кетіп қаза тапты деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Қазір құтқарушылар Сямозеро көліндегі іздестіру жұмыстарын тоқтатты. Ал серуенге шыққандардың барлығының қайда екендіктері толық анықталды.

Бастапқы тергеу барысында «Парк-Отель Сямозеро» сауықтыру лагерінде сенбі күні демалушылар үш қайықпен Сямозеро көліне серуенге шығып дауылға ұрынғандығы анықталды.

Үш қайықта Мәскеуден демалуға келген барлығы 12-17 жас аралығындағы 47 бала мен 4 ересек нұсқаушы болған. Екі қайық қатты желден аударылып қалған.

Ресей Тергеу комитеті оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір сапарды ұйымдастырған екі нұсқаушы қамалған, олардан жауап алынуда.

Карелияда жергілікті әкімшілік жиырмасыншы маусымды қаралы күн деп жариялады.

Тағы оқыңыз:

14 жастағы қазақ қызы төрт зорлаушының бірінен жүкті болып қалды

Имам мәһрге үй немесе көлік сұрайтын аруларды сынға алды (видео)

Қазақстанның басым аумағында өткінші жаңбыр жауады

Жамбыл облысының полициясы Тараздағы атысқа қатысты түсініктеме берді

ІІМ Бестөбедегі алтын кен орнындағы атысқа қатысты түсініктеме берді

ІІМ: Тараздағы оқиға - теракт емес

Таразда екі адам жараланған тұстан полиция қоршауы алынғаны хабарланды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1165139-reseyde-qayyqpen-seruenge-shyqqan-13-bal/