33 жыл бұрын әйелін жалғыз ұлымен тастап кеткен еркек қатаң жазаланды

Опубликовано:

Эр-Рияд (Сауд Арабиясы) қаласының соты 1983 жылы жұбайын тастап кеткен азаматты айыпты деп тауып, әйелінің жалғыздықта өткізген 33 жылы үшін өтемақы төлеуі тиіс деген шешім шығарды.

Бұл туралы muslim.kz жазады.

Айыпталушы осыдан 33 жыл бұрын ұлы дүниеге келе салысымен оларды тастап кеткен көрінеді,

«Күйеуі отбасына 1983-жылдан бастап ешқандай қаржылық жәрдем көрсетпеген. Хабар-ошарсыз кеткен күйеуін тапқан жұбайы енді одан жалғыздықпен өткізген жылдарының қаржылай өтемақысын талап етіп отыр. Азаматша сот отырысына күйеуінің 33 жыл бұрын тастап кеткенін, өзінің осы жылдар ішіндей ешқандай қаржылай жәрдем алмағанын растайтын екі куәгер ертіп келген», - делінген араб елінің газеттерінің біріне сілтеме жасай отырып «әл-Арабия» арнасы хабар таратқан.

Сот айыпталушының айлық жалақысы 80 000 риал екенін ескере отырып,  әйеліне 1,53 млн риал өтемақы (400 000 доллар) төлеуге міндеттеген. Ал, әкесіз өскен ұлына 1.34 млн риал төлеуі тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1171908-33-zhyl-buryn-ayelin-zhalghyz-ulymen-tastap/