Түркияда Ердоғанды мазақтаған блогерді әкелік құқығынан айырды (фото)
Опубликовано:
Рифат Четин есімді Түркия азаматын сот шешімі бойынша әкелік құқығынан айырып отыр деп хабарлайды muslim.kz.
Түрік блогері әлеуметік желілердің біріне ел президенті Ердоғанның «Жүзік әміршісі» деп аталатын кинодағы Голлуммен қатарластыра жариялаған болатын.
Түрік елінің заңы бойынша президентке тіл тигізген жанды бас бостандығынан айыруға болады. Алайда, сот Рифат Четинге одан өткен ауыр үкім шығарып отыр.
Шартты түрде бір жылға ғана сотталған Четин әкелік құқығынан айырылды. Сот шешімі бойынша ол, тіпті, қамқоршы да бола алмайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1172438-turkiyada-erdoghandy-mazaqtaghan-bloge/