22 сағат бойы ораза ұстайтын мұсылмандар қайда тұрады?

Опубликовано:

Биылғы жылдың Рамазан айында Норвегияның Тромсе қаласының мұсылман қауымы ең ұзақ оразаны ұстап келеді деп жазады ummet.kz.

Тромседе ауыз ашу уақыты түнге жақын кіреді десе де болғандай. Ал сәресі сағат 01:20-де бекітілуі тиіс. Айта кетсек, бұл аймақта жазғы маусымда күннің батып, таңның атуы өте шапшаң.

«Түнгі сағат 12-де күн көкжиектен асады, ал екі сағаттан соң таң ағара бастайды. Сол себепті Рамазан оразасы бізге нағыз сынақ болғалы тұр. Біз ас-судан тәулігіне 22 сағат тыйыламыз» дейді Тромсе тұрғыны Азми Арыкан.

Осыған дейін мұсылмандар тәулігіне 3,5 сағат қана ораза ұстайтын Вакан ауылы туралы хабарлаған болатынбыз.

Тағы да оқыңыздар:

Еліміздегі жас келіндер күйеуінен "мәхр" сыйлығы үшін пәтер мен құндыз тон сұрайтын болған

Стамбулдағы Ататүрік әуежайында жантүршігерлік жарылыс болып, 36 адам қаза тапты (фото)

Қоғам қайраткерлері Білім министрінен қазақ тіліне бөгет жасамауды сұрады

Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Қытай қалашығы" туралы не білеміз?

Алматыда студенттердің ақшасын жымқырған есепшілер жеңіл жазамен құтылып кетті

АҚШ-тағы гей-парадқа Қазақстанның көк байрағын қазақ қызы алып шықты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1175334-22-saghat-boyy-oraza-ustaytyn-musylmanda/