Парижде Эйфель мұнарасы жабылды

Опубликовано:

Париждегі Эйфель мұнарасы жабылды. Себебі қызметкерлер жұмысқа емес, шеруге шыққан деп хабарлайды 24.kz.

Осылайша жүздеген турист әлемде ең танымал көрнекі орындардың біріне кіру мүмкіндігінен айырылды. Тіпті кейбір шетелдік қонақтар Эйфель мұнарасына шығып, Париж шаһарын биіктен тамашалау үшін шалғай елдерден арнайы келген.

Қызметкерлер еңбек заңнамасының реформасына қарсы бас көтерді. Олар наразылық шараларын өткізіп жатқалы бірнеше айдың жүзі болды. Франция үкіметі ұсынған заң бойынша, жұмысқа қабылдау және одан шығару жолдары жеңілдейді, жұмыс сағатының саны артады және еңбекақы көлемі де қысқаруы мүмкін.

Президент Франсуа Олландтың айтуынша, бұл шаралар соңғы жылдары деңгейі 10 пайыздан асып кеткен жұмыссыздықты қысқартуға мүмкіндік береді. Ал кәсіподақтар заң жобасы еңбеккерлердің мүддесін аяқасты етеді дейді.

Тағы да оқыңыздар:

Еліміздегі жас келіндер күйеуінен "мәхр" сыйлығы үшін пәтер мен құндыз тон сұрайтын болған

Стамбулдағы Ататүрік әуежайында жантүршігерлік жарылыс болып, 36 адам қаза тапты (фото)

Қоғам қайраткерлері Білім министрінен қазақ тіліне бөгет жасамауды сұрады

Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Қытай қалашығы" туралы не білеміз?

Алматыда студенттердің ақшасын жымқырған есепшілер жеңіл жазамен құтылып кетті

АҚШ-тағы гей-парадқа Қазақстанның көк байрағын қазақ қызы алып шықты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1175543-parizhde-eyfel-munarasy-zhabyldy/