Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Индонезияда ұзын-сонар көлік кептелісінен аузы берік 18 адам қаза болды

Опубликовано:

Бесінші маусым күні Индонезияның Ява аралы маңындағы Бребес елдімекенінде көлік кептелісінен аузы берік 18 адам қаза болды. Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Джакартадан Тегалға бағыт алған мыңдаған көлік жүргізушілері ақылы East Brebes жолында ұзын-сонар кептеліске тап болған. Түрлі мәліметтерге сәйкес олар 20-35 сағат күткен.

Олардың дені Рамазан айының аяқталуын тойлату үшін үйлеріне оралмақ болған.

Жергілікті бас дәрігердің айтуынша, күннің ыстығынан 12 адамның сырқаты асқынып көз жұмса, бесеуі жол апатында қаза болған. Тағы біреуінің қазасы неден болғаны анықталмай жатыр.

Көліктер тығыз орналасқаны соншалық дәрігерлер, тіпті мотоциклмен көмекке жете алмаған. Басылымның айтуынша, кептеліске ақылы жолдағы төлеу бекетінің баяу жұмыс істеуі себеп.

Тағы да оқыңыздар:

Ақтөбе облысында ер адам өзін жындардың зорлайтынын айтып, көмек сұрады

Байбек: Біз Нью-Йорк те, Копенгаген де болғымыз келмейді

Алматы облысында сәбиін әжетханаға лақтырған бойжеткен алғашқы баласын да тастап кеткен

Ресейлік футболшылар Монте-Карлода 500 шампанға мас болып қалды (видео)

Төсек қатынасында ләззат ала алмау қаншалықты қауіпті?

ОҚО-да аудан әкімі ауылдағы Лениннің ескерткішіне тиіспейтінін айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1182524-indoneziyada-kolik-keptelisinen-auzy/