Өзбекстанда мемлекеттік қызметкерлерге сиырдың жапасын тергізіп қойды

Опубликовано:

Өзбекстанда мемлекеттік қызметкерлер сиыр жапасын теріп кетті деп жазады Орталық Азия жаңалықтары.

Сиыр жапасы диқаншылардың жерін тыңайтуға пайдаланылады. Жергілікті тұрғындар үкіметтің бұл шешіміне наразы болып отыр.

Тұрғындар газ бен электр қуатының тапшылығынан, сиыр жапасын тамызық етуге мәжбүр. Дереккөздің хабарлауынша, махалла күзетшілерін ертіп алған ақ халатты дәрігерлер мен медбикелер әрбір отбасыдан екі қап сиыр тезегін шығарып беруін сұрап жүр.

«Біздің ауылда мал ұстау оңай емес. Қой мен сиырды аулада ұстаймыз, өйткені бізде жайылым жоқ. Оларды кепкен шөппен, сабанмен жемдейміз. Төптің бір литрін шарап зауытынан 70 сомға сатып аламыз. Екі қап сиыр тезегінен 200 кезек шығады. Газ бен жарық жоқ ауылда ол 10 күнге жетеді. Тезек жинауды СЭС қызметкерлеріне тапсырғаны тіпті күлкілі. Сұр қалат киген дәрігерлердің тезек сұрап жүргені өте аянышты көрінеді. Бүкіл махалла күліп жүр», - деді жергілікті тұрғындардың бірі.

«Екі дәрігер немесе медбикеге бір махалла күзетшісін қосып беріпті. Адамдар тезек толы қаптарды ауласынан шығарып берсе, диқаншылар оны тракторларымен тасып әкетіп жатты», - деді махалла белсендісі.

Тағы оқыңыздар:

Нағыз қаһарман: Ұлты үшін жанұшырған миллиардер кім?

Білім министрлігі еліміздегі жетім балаларды "топас", "еріншек", "басы істемейді" деп сипаттаған

Ринат Зайытов өзі бас жүлде алған айтыста "Нұр Отанға" жыр шумағын арнады

Аралқұмдағы емші бала: Маған «жын кіріп кеткен екен» деп айтқандар тоқтатсын! (фото)

Роналду чемпионатта алған "Күміс бутсыны" командаласына сыйлап жіберді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1185845-ozbekstanda-memlekettik-qyzmetkerle/