Үндістанда қатыгез әке үй жұмысын орындамаған қызын пияз жұтқызып өлтірді

Опубликовано:

Үндістанның Махараштра штатында ер адам үй жұмысын орындамаған қызына пиязды жұтуға мәжбүрлеу арқылы жазалаған. Салдарынан пиязға шашалған қыз бала тұншығып өлді. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Қайғылы жағдай Аурангабад қаласында болған. Санджай Кути өзінің қызы Бхаратидің үй жұмысын тексеріп отырған.

Қыз бала әліпбиді жатқа айта алмай қалады. Оған ашуланған Кути қызына жаза ретінде пиязды жұтуға бұйырады. Қыз бала пиязға шашалып, тұншыға бастаған. Туыстары оған көмек көрсете алмай, бейкүнә бала тіл тартпай кетті.

Кути қылмысын жасыру үшін туған қызының мәйітінен құтылмақ болады. Алайда жары бұл туралы туыстарына жылап айтып барады. Туыстары ақылдаса келе ер адамның үстінен полицейлерге шағымданған.

Полиция Кутиді қамауға алды. Енді оның жазасын сот тағайындайтын болады.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда қабырғасы қисайған үй түзетіліп, қайтадан саудаға шығарылмақшы

Риоға баратын ауыр атлеттердің тізіміне Ильин бастаған чемпиондар кірмей қалды

Балқаштың екі тұрғыны әйелді қағып кетіп, оның мәйітін көміп тастады

Әскерден қайтқан қазақстандық сарбаздарды шетелдіктер мазақ етті (фото)

Халықаралық университеттер рейтингіне еліміздің бірде-бір жоғарғы оқу орны кірмеді

Алты тіл білетін қазақ қызы өзінен он жас кіші үнділікке тұрмысқа шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1187829-undistanda-qatygez-ake-uy-zhumysyn-ory/