Ердоған АҚШ-тан Фетхуллах Гүленді Анкараға қайтаруды сұрады

Опубликовано:

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ президенті Барак Обаманы Түркияда әскери төңкеріліс жасауға әрекеттенді деп айыпталған оппозиционер Фетхуллах Гүленді Анкараға беруге шақырды, деп хабарлайды BNews.kz.

Алайда бұдан бұрын АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Вашингтонға Гүленді экстрадициялау туралы сұрау салынбағанын айтқан болатын.

АҚШ-тағы Гүленнің жақтастары оппозиционердің Түркиядағы бүлікке ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеді, ал өзі көтерілісті айыптады. Сонымен қатар Гүлен бұл «қойылымды» Түркия президентінің өзі ұйымдастыруы мұмкін екенін жеткізді, деп жазды russian.rt.com.

Гүлен елін сағынғанын, алайда АҚШ-тағы еркін өмірді қимайтынын мәлімдеді.

«Елімді қатты сағынып жүрмін. Алайда тағы бір маңызды фактор – бостандық деген болады. Мен мұнда Түркиядағы саяси проблемалардан бас сауғалап келдім, еркін өмір сүріп жатырмын», — деді ол.

Фетхуллах Гүлен АҚШ-тың Пенсильвания штатында тұрады.

Естеріңізге сала кетейік, 16 шілдеге қараған түні Түркияда мемлекеттік төңкеріліс жасалмақ болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1191856-erdoghan-aqsh-tan-fetkhullakh-gulendi-ank/