Суретке тым ашық түсетін пәкістандық бойжеткенді ағасы буындырып өлтірген (фото)

Опубликовано:

Пәкістандық Ким Кардашьян ретінде танылып кеткен 26 жастағы Кандил Балухтың өлі денесі табылды.

Танымал блогер қыздың өліміне басты күдікті - оның ағасы деп жазады Today.kz.

Алдын ала болжам бойынша, ағасы қарындасының қылықтары мен әрекеттерін отбасының беделіне нұқсан келтірді деп бағалаған. Қыздың тым ашық суреттеріне ашуланған ағасы оны буындырып өлтіріпті.

Көз жұмған Кандил Балухтың шын аты - Фаузия Азим. Ол желіде кеудесін жалаңаштап түскен суреттерімен танымал. Қыздың парақшасына жүз мыңдаған адам жазылған. Алайда, жазылушылар ішінде оның ісіне наразылар да болған.

Марқұмның крикеттен Пәкістан Үндістанды ұтатын болса, стриптиз билеп беремін деген уәдесі де үлкен дау тудырды.

Дегенмен қыз ешқашан суреттер мен бейнероликтерде шешініп түскен емес. Оның ісіне наразы адамдар қыздың қылықтарын пәкістандық және мұсылмандық әдепті бұзу деп есептейтін.

Пәкістанда 2015 жылы қылықтары ар-ұяттан жұрдай деп есептелген мыңдаған әйел өз туыстарының қолынан мерт болған.

Тағы да оқыңыздар:

Танымал суретші қыздардың күйеуге қыз күйінде тиюі керектігін ескертті

Нұрлан Ноғаев теп-тегіс жерге пандус салып қойғандарды мисыз деп атады (видео)

ОҚО-дағы арнайы операция барысында пара алған 15 полицей тұтқындалды

Сафар Шәкеевтің қайда екенін айтқан адамға 10 млн теңге сыйақы берілмек

Атышулы Қайрат Жамалиевтің қымбат көлігін прокурорлар мініп жүр

Роналду чемпиондықтан алған ақшасын ракпен ауыратын балаларға таратып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1192011-suretke-tym-ashyq-tusetin-pakistandyq/