Ердоған: Егер 15 минут кешіккенде, мені өлтіріп кететін еді

Опубликовано:

Түркия президенті Тайып Ердоған 15 минут кешіккенде өзінің ажал құшатынын жеткізді – деп жазады CNN теларнасына сілтеме жасаған Baq.kz.

Президенттің мәлімдеуінше, егер ол Маримарис қаласындағы өзі тұрақтаған қонақ үйде тағы да 10-15 минутқа бөгелгенінде, мемлекеттік төңкеріске әрекет еткен әскерилердің қолынан қаза табатын еді.

"Мармарис қаласындағы қонақ үйде маған қарсы операция жасалды. Екі оққағарымды өлтірді. Егер де қонақ үйде 10-15 минутқа бөгелсем, мені өлтірулері немесе тұтқынға алулары әбден мүмкін еді", — деп мәлімдеді Тайып Ердоған CNN телеарнасының эфирінен.

Сонымен қатар, Түркия президенті Мармарис қаласына отбасымен демалысуға келгенін жеткізді.

"Шілденің он бесі күні мен Мармаристе болдым, біз бес күндік демалыста болатынбыз. Кешкі ондар шамасында маған Анкара да, Ыстамбұл да және басқа да жерлерде қозғалыстың болып жатқандығы туралы баяндады… Біз дереу қонақ үйден кетуді ұйғардық», — деді Ердоған.

Содан кейін, телефон арқылы бейне байланысқы шығып, халыққа үндеу жасап, көшеге шығуды сұрағандығын айтты.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда тағы бір полиция қызметкері көз жұмды

Алматы жұртшылығын дүрліктірген адам тергеу изоляторына қамалды

Қазақстандықтар Алматыда қаза болған теракт құрбандарын аза тұтуда

Алматылық тұрғын қаза тапқан полицейлердің арасынан көршісін көріп, есеңгеріп қалған

Ішкі істер министрі: Екінші күдікті сыбайлас емес, кепіл тұтқын

Алматыдағы атыс кезінде қаза болған старшина ондаған адамды ажалдан арашалаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1194542-erdoghan-eger-15-minut-keshikkende-meni-o/