Денесі өспей қалған 19 жастағы бойжеткен легенде өмір сүріп жатыр

Опубликовано:

Нигериялық Рахма Харуна – өз дүкенін ашуды армандайтын қыз. Алайда ол белгісіз аурумен зардап шегіп келеді: оның денесі дамымай қалғандықтан, әрдайым осы аурудың қиындығын сезінуге мәжбүр. Кемшілігіне байланысты қыз легенде өмір сүруде.

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды деп жазады Stan.kz.

19 жастағы Рахма сап-сау болып өмірге келгенімен, алтыншы айдан бастап оның денесі дамуын тоқтатқан. “Алты айлығында отыруды тоқтатқаннан кейін бәрі басталды. Ол отыруды ақыры үйрене алмады. Бастапқыда тек температурасы ғана болған. Кейін іші ауыра бастады. Сосын денесі, қолы, аяғы қосылды. Бұлай ауырған кезде қозғала да алмайды”, – дейді анасы Фади.

Рахманың отбасы қыздың дұрыстап өмір сүруі үшін барлық жағдайды жасап келеді. Оны әрі-бері леген ішінде алып жүреді. “Олар маған қатты көмектеседі. Не керек бәрін беріп жатыр” дейді.

Қыз он жасар інісі Фахадпен жақсы дос. “Мен оған көмектесемін. Мәселен, шомылдырамын. Сосын күн сайын қыдыруға алып шығамын. Адамдар оған көмектесіп жатса өзімді бақытты сезінемін. Оны туыстарыма алып барған ұнайды. Ол да бізге риза”, – дейді бала.

Рахманың ауруының себебі белгісіз. Қанша рет тексертуге тырысқанымен, нәтиже шықпаған. “Оны емдетуге 15 жыл жұмсадым. Өзім фермада жұмыс істеймін. Оның жағдайын жасау үшін саудамен айналысып, тыным таппаймын. Не бар соның бәрін саттым. Қазірге дейін миллион найрдан (3,5 мың доллар) астам ақша жұмсаппын”, – дейді әкесі.

Дәрігерлердің бірқатары ислам мифологиясындағы жаратылыс жын қызға кіріп кеткен болуы мүмкін деген. Оның отбасы қыздың күн сайынғы ауруын емдеу үшін қайырымдылық ұйымдары мен медицина мамандары назар аударады деген үмітте.

Жақында жергілікті баспасөз Рахма туралы жазып, қыз бірнеше сыйлық алды. Олардың алғашқысы мүгедектер арбасы болды.

Рахмаға тікелей кезігіп жатқан күн сайынғы қиындықтарға қарамастан, қыз арманының болашақта орындаларына қатты үміттенеді. Ол өзінің жеке дүкенін ашқысы келеді. “Не істесем де Құдайға рахмет айтамын. Мен өз ісімді бастағым келеді”, – дейді ол.

Тағы да оқыңыздар: 

Алматыдағы атыста жараланған сақшылардың бірі есін жиды

Қазақстан ауыр атлеттеріне Олимпиадаға қатысуға рұқсат берілді

Қаза болған полицейдің ұлы: Әкем парызын өтеп жүріп көз жұмды

Кесарь тілігінен соң әйелдердің өз күшімен босануына бола ма?

Маңғыстау облысында жолаушылар автобусы тұтастай жанып кетті

Мамандар қант бағасының 450 теңгеге қалай көтерілгенін түсіндіре алмады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1197987-denesi-ospey-qalghan-19-zhastaghy-boyzhetke/