Қытайда жаңа айфон сатып алғандарды жұмыстан шығарып жібермекші

Опубликовано:

Қытайдың Чжэцзян провинциясындағы Bina Technology компаниясы шығарған жарлық қызметкерлерді елең еткізді деп хабарлайды 24 арна.

Құжатқа сәйкес, басшылық қызметкерлерден айфондарын (егер ол осы қалта телефонын пайдаланушы болса) өзге маркалы телефондарға ауыстыруды талап етті, деп хабарлайды epochtimes.ru.

«Айфонды осы күнге дейін пайдаланып келе жатқан қызметкерлер өзге маркалы телефон сатып алсын. Компания бұл мақсатқа қажетті ақшаны өзі бөледі... Ал жаңа iPhone7 сатып алғандар жұмыстан шығарылады», - делінген бұйрықта.

Ақпаратқа сәйкес, фирма қызметкердің айфоннан бас тартып, отандық телефонды сатып алуы үшін 2500 юань (шамамен $375) бөледі.

Компания өкілі бұл қадамды Қытайдың қалта телефоны нарығындағы шетелдік өнімді ығыстыру саясатымен түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1200266-qytayda-zhanha-ayfon-satyp-alghandardy-zh/