Сұлулығы мен ақылы ұштасқан араб ханшайымы

Опубликовано:

Сауд Арабиясының 33 жастағы ханшайымы Амира ат-Тавиль сұлулығы мен ақылы жарасқан келіншек. Ол араб әйелдері туралы жалпыға ортақ стереотиптерді жоққа шығаруымен танылып жүр.

Бұл туралы ztb.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Амира өзіне деген сенімділігімен және мақсат қойғыштығымен ерекшеленеді. Ол Сауд Арабиясында ғана емес, бүкіл әлемдегі гуманитарлық мәселелермен айналысады. Бүгінде ол ең өзекті деген мәселелерді шешу үшін әлемнің 70-ке жуық елінде болған.

Ханшайым әлемдегі кедейлік мәселесіне көп көңіл бөліп, осы салада өнімді еңбек етіп жүр. Ол қайырымдылық ұйымдарын құрып, Батыс Африкада жетімдер үйін салды. Пәкістандағы табиғат апатынан зардап шеккендерге көмектесіп, Кембридж университетінде исламды зерттеу орталығын ашқан. Сонымен қатар, Сомалиге көмек көрсету шараларының басы-қасында жүр.

Амираның басқа да араб әйелдерінен айырмашылығы - жоғары білім алып, көлік жүргізуінде. Амира жоғары білімді АҚШ-та алған.

Әдеттегідей оранып жүрмесе де, Амира өзінің қайырымды істері және сұлулығы арқылы көпшіліктің қолдауына ие болды.

Тағы да оқыңыздар:

Күйеуі соққыға жыққан Баян Есентаева қайтадан жұмысына кірісті

Оңтүстік халқы Баян-Өлгейдегі қазақтарға гуманитарлық көмек жіберді (фото)

Атыраудың жеті жастағы тұрғыны екі жасар сәби қалпында қалып қойған (фото)

Ақтөбе тұрғыны Қазақстанның жарқын болашағына сенбеген азаматты сотқа берді

Жапонияда белгісіз біреу мүгедектер үйіндегі 19 адамды пышақтап өлтірді

Швецияда маса аулаудан әлем чемпионы анықталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1201195-sululyghy-men-aqyly-ushtasqan-arab-khansh/