Өзбекстанның спортшы қызы жынысын өзгертіп, ер адам болғысы келеді
Опубликовано:
Азаттықтың өзбек қызметіне WhatsApp мессенджері арқылы хабарласқан Өзбекстанның 21 жастағы спортшы қызы жынысын өзгертіп, ер адам болғысы келетінін жазған.
Ол өзін физикалық және психологиялық тұрғыдан да ер адам секілді сезінетінін, тек құжат бойынша әйел затына жататынын айтады деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.
Бойжеткен 2009 жылы Өзбекстанда жеңіл атлетикадан қыздар арасында чемпион атаныпты. Кейін медициналық тексеруден өткен кезде, дәрігерлер оның дене мүшелерінің жетілуі ер адамға тән екенін анықтаған. Сол үшін де ол қыздар арасындағы халықаралық жарыстарға қатыса алмай келеді екен.
"Дәрігерлер маған ағзамда 90 пайыз ер адамдарға тән гармондар бар екенін айтты. Мені Тәшкенттегі Эндокринология орталығына жіберді. Онда да дәрігерлер ағзамда әйелдік гармондар жоқ екенін айтты. Мен бала кезімнен ер балалармен көп ойнадым, ішкі әлемім де, сыртқы әлемім де ер адамдардыкіндей", – дейді Н. есімді бойжеткен.
Бойжеткен Әндіжанда туып-өскен, бірақ соңғы төрт жылдан бері Ресейде тұрады.
«Өзбекстанда қыз болып өмір сүру мен үшін өте ауыр болды. Наманган дәрігерлері маған өте көп дәрілер жазып берді. Менің ата-анам олардың бәрін қинап ішкізді. Олар маған өзімді қыз бала ретінде қабылдап, бәріне көну керек екенін үнемі айтты», – деп есіне алады.
Спортшы қыз жынысын өзгерткеннен кейін Өзбекстанға қайтып оралғысы келмейтінін айтады. Қазір оның Ресейде кездесіп жүрген қызы бар екен. Өзбекстанда жынысын өзгертуге заңмен тыйым салынған.
Тағы оқыңыздар:
Алматы халқы Сафар Шәкеевпен қоштасты (фото)
Белсенді Мәсімовтің үстінен ІІМ-ге шағым түсірді
ОҚО-да шенеунік бір ай бойы ұйықтамай, шегіртке аңдыған
Грантқа түсіп алып, университетті жарты жолдан тастап кеткендер бюджет ақшасын қайтаруы мүмкін
Таразда сотталған азамат футбол үшін бостандыққа шығудан бас тартты
БАҚ: Ильиннің Лондондағы «алтыны» Молдова зілтеміршісіне бұйыруы мүмкін
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1205052-ozbekstannynh-sportshy-qyzy-zhynysyn-oz/