RU

Ресейде «жерленген» әжей 4 айдан кейін үйіне қайтып келді

Ресейдің Новосібір облысының прокуратурасы бұқаралық ақпарат құралдарының 80 жастағы әйелді құжат бойынша жерлеп, оның пәтерін сатуға шығарған туыстары туралы деректі тексеруге кірісті.

Бұл туралы sib.fm интернет-журналының дерегіне сүйенген ras.kz хабарлады.

80 жастағы әйел Новосібір қаласындағы облыстық ауруханада 4 ай жатып емделген. Ал содан кейін Бердск қаласындағы пәтеріне келгенде, оған кіре алмай қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, туған-туыстары әжейді өліп қалды деп санап, «оның мәйітін танып», өздерінше жерлепті де, артында қалған пәтерін үшінші біреудің атына тіркеудің әрекетін жасаған.

Прокурорлық тексерудің барысында тиісті лауазымды қызметкерлер 80 жастағы жалғызбасты зейнеткер әйел Раиса Позднякованың өлімі туралы деректі АХАЖ бөліміне енгізбеген болып шықты.

Кейін анықталғандай, кейуананың пәтерінде неге жоқ болып шыққанын ешкім білмеген сияқты. Оның үйіне кіріп-шығып жүргенін көрмеген көршілері алдымен дабыл көтерген. Олар өздері есікті бұзып кіріп, әйелдің жоғалғаны туралы хабарлаған. Бұған Искитим ауданында тұратын туыстары табыла кеткен. Олар сол ауданда көшеде өліп жатқан бір кемпірді осы кісі ретінде жерлеп келген.

Сөйтіп, зейнеткер әйелдің көршілері бұрын ешқашан көрмеген туыстары пәтерге иелік етіп, оны тез арада саудаға шығара қойған.

Қазір прокуратура бұл мәселемен мұқият айналысып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1206380-reseyde-zherlengen-azhey-4-aydan-keyin/