Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Франция мұсылмандары католик шіркеуіндегі құлшылыққа қатысты

Опубликовано:

Францияда содырлардың католик діни қызметкерін өлтірген соң Франция мен Италияда мұсылмандар шіркеулер мен соборларға католиктердің діни құлшылығына барды.

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Ондаған мұсылман өткен аптада радикалдар шіркеуге басып кіріп, 85 жастағы дін қызметкері Жак Амелиені өлтірген Сен-Этьен-дю-Руврге жақын Руан қаласындағы соборға жиналды.

Құлшылықты жүргізген архиепископ Доминик Лебрюн "Біздің мұсылман достарымыздың бізге келгеніне көңіліміз босап отыр. Олар бізге келіп, батыл іс жасады деп санаймыз" деді. Кейбір мұсылмандар құлшылықта алдыңғы қатарда отырған.

Құлшылыққа қатысқандардың арасында шіркеуде аз уақыт кепілге алынған монах әйел де болды. Құлшылықтан соң мұсылмандар мен католиктер қол алысып, құшақтасты.

Тағы бір топ шіркеуде "Махаббат - барлығына ортақ. Жаулық - ешкімге керек емес" деген жазуы бар плакат ұстады. Францияның басқа қалаларында да және Италияда да құлшылыққа мұмылмандар қатысты.

Тағы да оқыңыздар:

NUR.KZ-тегі мақаладан соң ОҚО-дағы 6 балалы анаға кәсіпкерлер үй салып берді (фото)

Алматы облысында өгей әке кішкентай қыздарын зорламақ болған

Алматыдағы терактіде жарақаттанған екі полицей жансақтау бөлімінде көз жұмды

Академик қазақ балаларының білімі төмен деген министрдің сөзін жоққа шығарды

Ақмола облысында туу туралы куәлікке әлі күнге дейін ҚазКСР деп жазылуда (фото)

"Ислам мемлекеті" Путинді Ресейде теракт жасаймыз деп қорқытуда

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1206772-franciya-musylmandary-katolik-shirkeu/

pixel