Тәжікстанда жас жігіттер екі бойжеткеннің денесін бөлшектеп, өзенге ағызып жіберген

Опубликовано:

Душанбинка өзенінің бойында тұратын астана тұрғындары бірнеше күн бойында әйелдердің бөлшектенген денелерін тапқан. Бұл ақпаратты Тәжікстанның ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі растады деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Екі жас келіншекті өлтірді деген күдікпен үш ер адам ұсталды деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

"Тергеу ісінің мәліметінше, бірінші адам өлімі 21 шілдеде орын алған. Сол күні аталған жас жігіттер цирк ауданының маңында 25 жастағы қызбен танысады. Олар оны Н.Карабаев көшесінде тұратын пәтерге ертіп келген. Ойларындағысын жүзеге асырғаннан кейін, өлтіріп, денесін бөлшектеп, өзенге ағызып жіберген", - деп хабарлайды құқық қорғау органының баспасөз қызметі.

23 жастағы қызбен де танысып, дәл осылай қылмыс жасаған.

ІІМ дереккөзі бойынша, қыздар «түнгі көбелектер» болған. Қазіргі кезде күдіктілер қамауда отыр. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Тағы оқыңыздар:

Шымкент тұрғындары: Полицейлер 17 жастағы бозбаланы жабылып ұрды (видео)

Олимпиададан алтын әкелген қазақстандық спортшыларға 250 мың доллармен қоса пәтер де беріледі

Жамбыл облысындағы миномет жарылысы кезінде жараланған шетелдік жауынгер қаза болды

Павлодарда ет сататын жерде жүгіріп жүрген егеуқұйрық жұртты шошытты

Төреғалидің бетіндегі қалың бояуы тыңдармандарына жақпай қалды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1207919-tazhikstanda-zhas-zhigitter-eki-boyzhetk/