БАҚ: Ердоғанның Путинге орыс тілінде хат жазуына қазақ елшілері көмектескен
Опубликовано:
Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Ресей басшысы Владимир Путинге кешірім хатын жазған кезде орыс тілін қолданған.
Бұл туралы Hurriyet Daily News порталы елшіліктегі сенімді дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады деп жазады Skifnews.kz порталы.
Басылымның мәліметінше, нақты орыс сөздерін президенттің баспасөз хатшысы Ибрагим Калын әзірлеген. Ал, оған тілмаштар мен Қазақстанның Түркиядағы елшілігінде жұмыс істейтін дипломаттар көмектесіпті. Кешірім хатының ішінде орысша «извините» деген сөз бар деп жазады аталған БАҚ.
Естеріңізге салайық, 27 маусым күні Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ердоғанның түрік әскерилері атып құлатқан Су-24 ұшағы үшін Путин атына кешірім хат жолдағанын айтқан болатын.
Әскери ұшақты Сирия мен Түркия шекарасында түрік әскерилері 2015 жылдың күзінде атып түсірген болатын. Салдарынан бір ұшқыш қаза тауып, екіншісі аман қалды. Ресми Анкара ресейлік ұшақтардың рұқсатсыз шекараға кіріп кеткенін айтқан. Алайда, Ресей тарапы мұны мойындаған жоқ.
Тағы оқыңыздар:
Еркеш Шәкеев: Менің ұлым Сафар жазатайым оқиға салдарынан қаза болды
Алматылық жігіт өзін тастап, бай досына кетіп қалған сүйіктісіне таң қалды
Ермахан Ыбырайымов қазақ боксшылары екі алтын алуға міндетті екенін ескертті
Қарттар үйінен 3 мәрте қашып кеткен ақтөбелік кейуана 1,5 жыл бойы үйінде қамалып отыр
Кореядан ұшып келе жатқан Қазақстан азаматы Өзбекстанда жоғалып кетті
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1215005-baq-erdoghannynh-putinge-keshirim-khatyn/