Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арабтар шашты қалыңдатып өсіру үшін бит сатып жатыр

Опубликовано:

Бақуаттылар жиі барып, қыдырып қайтатын Дубайда шаш өсірудің жаңа тәсілі пайда болды. Дұрысы, бұл араб халқының көне әдісі деп жазады Айқын газеті.

Сонымен, тоқетеріне көшсек, Дубайдағы сән салондары шаш өсіру үшін биттерді пайдалана бастапты.

Біріккен Араб Әмірліктерінің бірқатар ақпарат құралдары Дубайда сән салондарының биттерді шаш өсіруге қолданып жүргенін жазған. Арабтар бұрын шаштағы битті алмаған көрінеді.

Бит адамның бас терісін шағып, қан айналымын жақсартады-мыс. Сөйтіп, шаш өспек екен. Сол ұғымға Дубайдың қазіргі байшыкештері қайта оралыпты. Тіпті, бит сатып жатқан көрінеді.

Әр биттің құны 14 дирхем немесе 4 АҚШ долларына жетіпті. Сән салондарында әр адамға 10-15 бит қолданылады екен. Дегенмен, Дубай билігі мұндай әдісті пайдалан­ғандарға айып салып, жазалауды да бастап кетіпті. Айып мөлшері 550 доллар деп белгіленсе керек.

Тағы да оқыңыздар: 

ОҚО тұрғыны халал тойдан қалай мас болып келгенін баяндады

Топтасып зорлық жасағандарды өмір бойына бас бостандығынан айыру керек пе?

Оралда 19 жастағы бойжеткенді қағып өлтірген полицей емін-еркін бостандықта жүр

Есікте қыз зорлаған төртінші күдіктіні туыстары үйіне жасырып келген

Еркінен тыс алып қашқан қыз басына орамал таққызбай жанұшырды (видео)

Босниялық жұп өздерінің жерлеу рәсімінде ән айтып, би биледі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1232714-dubaylyqtar-shash-osiru-ushin-zhappay-bit/