Вьетнамдық әйел сақтандырудағы ақшасын алу үшін аяғы мен қолын кесіп тастады
Опубликовано:
Вьетнамдық әйел сақтандырудағы ақшасын алу үшін аяғы мен қолын әдейі кескен деп жазады Stan.kz.
30 жастағы Лай Тридің алаяқтығы туралы жергілікті газеттердің бірі жария еткен. Мамыр айында ол пойызда құлап жарақат алғанын айтыпты. Алайда әйел өзінің аяқтарын кесу үшін досы Доан Ванға 2,2 мың доллар төлегенін мойындаған.
Осы арқылы әйел сақтандыру компаниясынан 150 мың доллар көлемінде өтемақы алмақшы болған.
Үш ай өткен соң полиция газеті әйелдің қуылығын әшкерелеп, басылым бетіне шығарып масқаралайды.
Вьетнамда әлеуметтік желі қолданушылары сақтандыру өтемақысын алу үшін, өз денесін жарақаттаған адамның әрекетін талқылап жатыр. Әзірге полиция бұл іске қатысты нақты қорытындыға келген жоқ. Ханойлық адвокат Ле Ван Луан болса мұндай әрекетке қатысты Вьетнамның қылмыстық кодексінде жауапқа тарта қоятындай бап жоқ дейді.
Тағы оқыңыздар:
Назарбаев: Ниязымбетов пен Левитті Олимпиаданың алтын жүлдегері деп санау керек (фото)
Жұма сайын мешітке барып, дұға тілеген орыс әйелдің ұлы ауыр сырқаттан жазылып кетті
Павлодар облысында келіншек 16 жастағы қызын жүкті қылып қойған көңілдесін кешіре салды
Атышулы кәсіпкер әйел Лилия Рахқа қатысты тұтқындау туралы қаулы өзгеріссіз қалды
Шетелдік блогер жымиып күлген қазақ бүлдіршінін әлемдегі ең бақытты бала деп атады (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1233546-vetnamdyq-ayel-saqtandyrudaghy-aqsha/