Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыз баланы сүндетке отыруға мәжбүрлеген мысырлықтар жазаланатын болды

Опубликовано:

Мысыр билігі қыз баланы сүндеттеген адамды және осы салт-дәстүрдің орындалуына септігін тигізгендерді қатаң жазаламақ. Бұл туралы BBC News сайтына сілтеме жасап stan.kz хабарлайды.

Заңға сай қыз баланы сүндетке күштеп отырғызғандар үш айдан бастап үш жылға дейін бас бостандықтарынан айырылулары мүмкін. Жуырда билік өкілдері осы заңның өзгеруіне келісімін беріп, жазаның мерзімін 5-7 жылға дейін ұзартты. Мұнымен қатар, сүндетке отырғызу кезінде қыз баладан көп қан кетіп, қайтыс болса, бұдан да қатаң жаза қолданылмақ.

Қыз баланы сүндеттеу – жыныс мүшесінің сыртқы бөлігінің толықтай немесе жартылай кесіліп тасталуы. Әдетте Африка, Таяу Шығыс сынды мемлекеттердегі мұсылмандар мен христиандар қыздарын сүндетке отырғызады.  Мысырда 2008 жылдан бері қыз баласын сүндетке отырғызуға тыйым салынған. Алайда, оған қарамастан әйелдердің 90 пайызы 50 жасына дейін сүндетке отырған. Мұндай отаның 70 пайызын білікті дәрігерлер атқарады.

Тағы оқыңыз:

Қайрат Боранбаев Ресейдегі «Макдональдс» франшизасын сатып алмақ

Ислам Каримов Өзбекстан халқын тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады

Пышақпен қаруланған ер адам Алматы тұрғындарының зәресін ұшырды (видео)

Харкиге су жаңа пәтер сыйлаған Сапарбаев оны қазақ тілін үйренуге шақырды

Кәрім Мәсімов алғашқы ұстазы туралы айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1237797-qyz-balany-sundetke-otyrugha-mazhburle/

pixel