Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ташкентте барлық теле және радиоарналар қайғылы әндер қоюда

Опубликовано:

Ташкент
Фото: UGC

Ташкентте барлық теле және радиоарналар тек қайғылы әрі классикалық әндер қоюда. Бұл туралы Өзбек телеграф агенттігі Ташкенттегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

«Қазір (Ташкентте – ӨзТАГ) - 14.45. Министрлер кабинеті сағат сайын Ислам Каримовтің жағдайы нашарлап жатқанын хабарлауда. Барлық өзбек теле және радиоарналарда тек қайғылы классикалық әрі патриоттық әндер қойылуда. Олар халықты осылайша бірнеше сағаттан кейін қайғылы хабар естіртуге дайындап жатқан сыңайлы (Каримовтің қазасы туралы – ӨзТАГ)», - дейді агенттік дереккөзі.

Еске салсақ, бұған дейін Түркия премьері Каримовтің қазасына байланысты көңіл айтқаны хабарланған болатын.

Ал Reuters ақпарат агенттігі үш дипломатиялық дереккөзге сілтеме жасап, Каримовтің қаза болғаны туралы хабарлады.

27 тамыз күні Каримовтің миына қан құйылып, емханаға түскен. Өзбекстанның оппозициясы Каримов банкетте тым көп ішімдік ішкеннен кейін емханаға түсті деген ақпарат таратты.

Каримов 1991 жылдан бері Өзбекстан президенті болып келді. Ал 1990 жылдың наурызында Өзбек КСР басшысы болған. Кеңестік кезеңде Өзбекстан Коммунистік партиясының Бірінші хатшысы (1989-1991 жж), Өзбек КСР президенті (1990-1991 жж), республиканың Қаржы министрі қызметтерін атқарды. Оның артында екі қызы - Лола мен Гүлнар қалды.

Тағы да оқыңыздар:

Ақпарат агенттігі Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің қазасы туралы хабарлады

Түркия премьері Каримовтің қазасына байланысты көңіл айтты

Ислам Каримов несімен ел есінде қалды? (фото)

Отандық саясаттанушы Өзбекстанда билік ауысуының ықтимал үш сценариін атады

Алматыдағы барахолка маңында өрт шықты (фото, видео)

Астанада Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты негізгі сот отырысы басталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1239560-tashkentte-barlyq-tele-zhane-radioarna/

pixel