Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әзірбайжан дұшпандарынан үш ауданын қайтарып алып, туын қадап қойды

Опубликовано:

Үстіміздегі жылғы сәуір айында Әзірбайжан армиясы Қарабақ аумағымен шектесіп жатқан үш ауданы жерлерінің бір бөлігін қайтарып алды. Бұл туралы Trend ақпарына сүйенген rasхабарлады.

«Сәуірдегі шайқастар – біздің тарихымыздың даңқты беттері. Әзірбайжан армиясы Агдам, Физули, Джебраил аудандарының бір бөлігін басқыншылардан босатып алып, осы жерлерге Әзірбайжан туын қадады», – деді елдің президенті Ильхам Әлиев министрлер кабинетінің 2016 жылдың тоғыз айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алда тұрған міндеттерді талқылауға арналған отырысында сөйлеген сөзінде.

«Осы уақытта екі мың гектардан астам жер басқыншылардан азат етілді, бұдан бірнеше есе көп территория біздің бақылауымызға көшті. Біз дұшпанмен түйісер желінің бәрінде толық басымдыққа жетіп отырмыз, енді оның кез келген нысанасын атқылай аламыз», – деді мемлекет басшысы.

Тағы оқыңыздар:

Қазақ миллионері табысты әрі қайырымды болудың құпиясымен бөлісті

Ел алдында сүйкімі кеткен шенеуніктер кімдер? (фото)

Түймебаев жаңа қызметін Шахановқа шапан жабудан бастады (фото)

Ерболат Беделхан: Шаш өсіріп, сырға таққанда тұрған ештеңе жоқ

Шымкент әкімі "көке-жәке" деп таныс іздейтіндерден шаршағанын айтты

Алмас Кішкенбаев жарының сұлу екенін айтып, мақтанды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1277913-azirbayzhan-dushpandarynan-ush-audanyn/