Пәкістанда қыз зорлағандар енді өлім жазасына кесілетін болды
Опубликовано:
Пәкістан мемлекетінің құқыққорғаушылары мен әйел жамағатының белсенді мүшелері бірнеше жылдан бері талап етіп келе жатқан заң жобасына ақыр соңында қол жеткізіп отыр деп хабарлайды Muslim.kz.
Мемлекет билігі әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық актілеріне жаза түрін қатаңдату туралы жарлық шығарды.
Атап айтсақ, әулет арына кір келтірді деген айып тағып, сот шешімінсіз әкесінің немесе аға-інілерінің жаза қолдануына үзілді-кесілді тыйым салынып отыр. Бұл заң қабылданбай тұрғанда, жазалаушылар бостандықта жүре беретін болған. Ал, енді олардың орны абақты болмақ.
Сондай-ақ, қыз зорлау ісіне қатысты да жаза түрі күшейтіліп отыр. Зорлау оқиғасының болған-болмағанын, айыпталушының ақ-қарасын ажырату мақсатында ДНҚ сараптамасын жасату міндетті болып бекітілді.
Бұған қоса, кәмелетке толмаған және мүгедек жандарға қатысты орын алған зорлау оқиғалары бойынша өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру үкімі шығарылатын болады.
Тағы оқыңыздар:
Қазақ миллионері табысты әрі қайырымды болудың құпиясымен бөлісті
Ел алдында сүйкімі кеткен шенеуніктер кімдер? (фото)
Түймебаев жаңа қызметін Шахановқа шапан жабудан бастады (фото)
Ерболат Беделхан: Шаш өсіріп, сырға таққанда тұрған ештеңе жоқ
Шымкент әкімі "көке-жәке" деп таныс іздейтіндерден шаршағанын айтты
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1278074-pakistanda-qyz-zorlaghandar-endi-olim/