Қырғызстанда қалыңдық қалыңмалын алып, қашып кетті
Опубликовано:
Қырғызстанның Ош қаласында қалыңдық 70 мың сом қалыңмалын қашып кеткен. Бұл туралы КирТАГ «Импера групп» заң компаниясының басшысы Эмиль Джапакбаевқа сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
«Жігіт қалыңдық үшін қалың мал берген соң, қыз ақшаны алып қашып кеткен. Сомасы 70 мың сомды құрайтын қалың малды қайтармағанына бір жыл болып қалған. Барлығы ата-ананың келісімі бойынша жүзеге асқан. Жастар жарты жылдай кездесіп жүрген. Қыз 22, ал жігіт 26 жаста», - дейді Джапакбаев.
«Жігіт қызбен сөйлеспек болған. Алайда қалыңдық басында ауырып қалдым деп, кейін мүлде ізін суытқан. Қыздың ата-анасы да жігітпен кездесуден бас тартып, қыздарының қайда екенін білмейтінін айтқан», - дейді заңгер.
Оның сөзіне қарағанда, жапа шегуші заңгерлердің кеңесіне жүгінген, алайда Ош прокуратурасына шағымданудан бас тартыпты.
Заңгер атап өткендей, Қырғызстанда қалың мал заң бойынша реттелмеген. Алайда кінәлі тұлғалар Қырғызстанның Қылмыс кодексінің 166 бабы бойынша жауапкершілікке тартылады.
Атап өтейік, Қырғызстанның отбасы кодексі қалың малға тыйым салмайды және оған рұқсат та бермейді.
Тағы оқыңыздар:
Сағыз шайнату, құдаларға ұн жағу: Қазақтың ең қызық дәстүрлері қандай?
Атышулы Тоқтар Төлешов өзіне тағылған айыптарды мойындап жатыр
Ұзынағашта айуандықпен өлтірілген үш ағайындыға қатысты тағы бір дерек шықты
Әйгілі сәнгер Лилия Рахтан жәбір көрген Өзбекстан азаматы күтпеген жерден шағымынан бас тартты
Ақтөбені дүрліктірген лаңкестерге қатысты сот отырысы басталды (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1286777-qyrghyzstanda-qalynhdyq-qalynhmaldy-al/