Мексикада ұрлық жасаған алты адамның қолын кесіп тастады
Опубликовано:
Мексиканың Тлакепаке қаласында қолға түсіп қалған алты ұрының қолдары білектен төмен кесіліп тасталды. Бұл туралы bloknot.ru ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.
Бірақ бұл ресми түрде үкімі шығарылып, орындалған жаза болмай шықты. Ал ұрыларды бұлайша жазалауды белгісіз бір топтың адамдары жүзеге асырған. Олар қылмыс орнында жазба қалдырып кетіпті. Жазылған хатта жазаға ұшыраған қарақшылардың балалар мен әйелдерді тонап, мотоциклдер мен машиналарды ұрлап кеткендері келтірілген. Топ мүшелері осыған байланысты бұларға сазайларын берген.
Зардап шеккен ұрыларды полиция көшеден тауып алған. Олар далада кесілген қолдары салынған сөмкелердің жанында жатқан. Бұлардың арасында 5 еркек, 1 әйел болған. Бір адам алған жарақаты салдарынан соңынан жантәсілім етіп кеткен. Қалғандары тірі, бірақ бәрі қатты қорқып қалған. Сондықтан болар, шабуыл жасаушыларды түстеп айтып бере алмай отыр.
Полиция болған оқиға бойынша тексеру жұмысына кірісті.
Тағы оқыңыздар:
Алматыда 100 миллионның көлігін мінетін студенттер кімдер? (фото)
Ильин бастаған ауыр атлеттер түгелдей медальдарынан айырылды
Ақтөбелік оқушы сыныптас қыздарын жыныс мүшесінің суретімен қорқытқан
Қазақ хоккейіндегі ең сымбатты жігіт туралы не білеміз? (фото)
Алматылық бойжеткен айына млн теңге төлеп, қымбат көлік мінгізетін жігітке сатылатынын айтты
ШҚО-да маскүнемдер миллондаған бюджет қаржысын ұрлауға көмектескен
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1288234-meksikada-urlyq-zhasaghan-alty-adamnynh/