Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғыз қызына ғашық болған Англия азаматы бірден ислам дінін қабылдады

Опубликовано:

Англия азаматы Ибрагим мен қырғыз қызы Жанна ұшақта Алматы – Абу-Даби рейсінде танысқан екен. Бойжеткен Etihad Airways әуе компаниясында стюардесса болып жұмыс істейді. Ал, ағылшын жігіті осы компанияның тұрақты клиенті деп жазады sn.kz.

Жігіттің ғашық болғаны сонша, қырғыз қызына үйлену үшін ол исламды қабылдап, салт-дәстүр бойынша қалыңдықтың ата-анасына қалыңмалын да төлепті. Ал үйлену тойы Парсы шығанағының жағасында Шейх Зайд мешітінің жанында өткен деп жазады Limon.kg.

Тойға 20 түрлі ұлттың өкілдері – барлығы 200-ден астам адам қатысты. Ал, қалыңдықтың 6 құрбысы - 6 түрлі елден келген стюардессалар болып шықты. Барлығы да Etihad Airways әуе компаниясының қызметкерлері.

Той басталмастан бұрын ерлі-зайыптылардың некесі ислам рәсімдеріне сәйкес қиылған. Мұнан кейін салтанатты шара еуропалық үлгіде өтті, яғни қалыңдықты әкесі алтарьға алып келді. Ибрагимнің әкесі шіркеу қызметкері болғандықтан ғашықтардың некесін христиан рәсіміне сай өзі қиып берді.

Қазір Ибрагим мен Жанна Абу-Дабиде тұрып жатыр.

Тағы да оқыңыздар:

Ильин бастаған ауыр атлеттер түгелдей медальдарынан айырылды

Әлия Назарбаева қажет болса балаларын аздап ұрып алатынын айтты

Қазақ жігіті желіге жартылай жалаңаш фотосын салып жұртты шулатты (фото 18+)

Алматылық бойжеткен айына млн теңге төлеп, қымбат көлік мінгізетін жігітке сатылатынын айтты

Ақтөбелік оқушы сыныптас қыздарын жыныс мүшесінің суретімен қорқытқан

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1288515-qyrghyz-qyzyna-ghashyq-bolghan-angliya-aza/