Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Индонезия халқы жаппай тышқан аулауға кірісіп кетті

Опубликовано:

Индонезия астанасы – Джакартаның билігі 19 қазан күні қалада жаппай тышқан аулау науқанын жариялады. Бұл туралы The Independent ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Әрбір тышқанның басы үшін мұнда бір жарым доллардан сыйақы белгіленген. Қала басшылығы осыған байланысты тұрғындардан өзге біреулерге залал келтірмеу үшін тышқанды мылтықпен атпауды сұрады.

Өлтірілген немесе ұсталған кеміргіштерді міндетті түрде қала шенеуніктеріне тапсыру керек. Сол жағдайда ғана бұл үшін ақы төленеді. Сонымен бірге тышқандарды санитарлық қызметкерлер жер қойнына беру тиіс. Мұндағы мақсат - тышқандардың қала аумағын басып қалған орасан зор топтарынан тазарту болып отыр.

Осындай шараларды жақында Жаңа Зеландия билігі де қолға алғалы жатыр. Ел үкіметінің мәліметінше, кеміргіштердің зиянды әрекеттері салдарынан арал экономикасы жыл сайын екі миллиард доларға жуық қаржысынан айырылып тұрады.

Басылым өткен ғасырдың ортасында француздың отаршыл билігінің шенеуніктері Вьетнамның Ханой қаласында тышқандарды жоюға арналған акция жүргізгенін еске сала кетеді. Олар жұрттан өлтірген тышқандарының құйрықтарын кесіп алып келіп, тапсыруды сұраған.

Нәтижесінде науқанға қатысушылар кейін тұрақты табыстың көзі болып қала берулері үшін ұстап алған тышқандардың тек құйрықтарын ғана кесіп алып, өздерін бостандыққа жіберетін болған. Осыдан кейін тышқандардың көбейіп кете беруіне ешқандай тосқауыл қойылмай қалған.

Тағы да оқыңыздар:

Алматыда 10-шы баласын дүниеге әкелген әйел аядай бөлмені жалдап тұрып жатыр (фото)

Шымкент тұрғындары қалада орыс мектептерінің азайып кеткеніне алаңдап отыр

Қазақ қыздарының басым бөлігі некеге дейін төсектес болатынын мойындаған

Храпуновтың қызы Қазақстаннан жымқырған ақшасын Трамптың жобаларына салған

Терроризммен айыпталғандарды бөлек түрмеге отырғызу керек пе?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1290086-indoneziyada-zhappay-tyshqan-aulau-nauq/