Арменияда құрсақтағы сәбидің жынысына байланысты жасанды түсік жасатуға тыйым салынбақ
Опубликовано:
Армения билігі әлі дүниеге келмеген сәбидің жынысына байланысты жасанды түсік жасатуға тыйым салатын заң жобасын енгізбек деп хабарлайды reactor.inform.kz.
Халқы бар жоғы 3 миллионнан асатын Армения демографиясын осы мәселе тығырыққа тіреп отыр.
Себебі елдегі бала тууға қабілетті келіншектердің көпшілігі құрсағындағы сәбидің жынысын білгеннен кейін, қыз бала болса жасанды түсік арқылы алдырып тастайды. Осылайша құрсаққа біткен қыз баланы алдырып тастаудан Қытай мен Әзербайжаннан кейінгі үшінші орынды еншілеген.
Елде дүниеге келген ұл балалардың саны қыз балалардан асып түскен. 2015 жылы дүние есігін ашқан ұлдар мен қыздардың салыстырмалы көрсеткіші 115:100 болған.
Жаңа заң жобасына сәйкес бала көтерген келіншекке дәрігерге қаралғаннан кейін үш күн уақыт беріледі. Бұл уақытта мамандар әйелдерге түсіктің зиянын түсіндіруі тиіс.
1921 жылы Армения жасанды түсік жасатуды заңдастырған алғашқы кеңестік мемлекеттердің бірі болған еді.
Тағы да оқыңыздар:
Көпшілік Моника Белуччи атап кеткен әйгілі қазақ ақынының қызы кім?
Әйгілі миллиардерлермен көңіл қосатын қазақ қызы
Туған күніне планшет сұраған өскемендік мұғалім ұятқа қалды
Мысырда 12 жастағы ұл мен 11 жасар қыз дүркіретіп үйлену тойын өткізді (фото)
22 жасында әкесімен жасты адаммен тұрмыс құрған қыз құрбыларын от баспауға шақырды
Меруерт Түсіпбаева сапасыз бұйымын 100 мыңға сатқан Аида Кауменованы сөгіп тастады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1293464-armeniyada-qursaqtaghy-sabidinh-zhynysy/