Әлем елдерінде жезөкшелерді қалай жазалайды?
Опубликовано:
Әлем елдері жезөкшелікпен қалай күресіп жүр? Жезөкшелікті жойып жібергендер бар ма?
Біздің елімізде жезөкшелерге қатысты мәселе «әзірге» заңдастырылмаған. Өйткені, мұндай харам әрекет дінімізге мүлдем қайшы деп жазады Корреспондент.
Кейбір Еуропа елдерінде арнайы жезөкшелер үйі жұмыс жасайды. Осыған сай, заңдастырылған мекеме үкіметке салық төлейді, сондай-ақ медицина және заң саласының өкілдері сол жерді құзырына алып, биік талап деңгейінде жұмыс істейді.
Соңғы кезде кино, көркем әдебиет, басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жезөкшені барынша жағымды кейіпкер етіп көрсету фактілері кездесуде. Протестант діні кең таралған Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкадан бөлек, тіпті Азия халықтары да іштей азғындықпен бүліне бастады. Мысалы, бұған дәлел ретінде Тайваньды алып қарап көрелік. Бұл елде жезөкшелікпен тек биліктен лицензия алған қыздар ғана айналыса алады. Алайда, бұл аралда 80 мыңға жуық қыздар жол бойындағы жаңғақ сатушылар кейпіне еніп, «ұялшақ жезөкшелікпен» заңсыз айналысуда.
Сондай-ақ Тайваньдағы «ұялшақ жезөкшеліктің» дамуына сол елде орын алған протестанттық әдептің де кесірі тисе керек. Себебі, нашақорлық белең алып, «көгілдірлердің» көбеюі, бір жынысты адамдардың некелесуі секілді жағдайлардың нәтижесі жезөкшеліктің де дамуына ықпал етеді. Қазіргі таңда Тайваньда жезөкшелікпен айналысқандарға айыппұл салынады немесе үш күнге қамауға алынады. Бірақ, бұл шаралар да қоғамның «моральдық келбетін» түзету үшін әлсіз болып тұр.
Ал Голландия билігі жезөкшелерге салық салуды көздеп отырса, Италия «арам жолмен келген» ақшаны спортты жетілдіру үшін жұмсайды екен.
Тағы оқыңыздар:
Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңгені жымқырды деген айыппен ұсталды
Бұрын жеті жылға сотталған экс-министр бүгінде талай адамға өмір сыйлауда
Бір күнде 18 еркекке қызмет көрсеткен қазақ қызы секс-құлдықта болған азапты күндерін баяндады
Қазақстандық инженер Forbes-тегі бай-бағландардың қатарына енді
Миллиондап жалақы алатын футболшылардың айлық табысына не алуға болады? (фото)
Иранның жемқор экс-прокурорын ел алдына шығарып 135 рет дүре соғатын болды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1304826-alem-elderinde-zhezokshelerdi-qalay-zha/