АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп туралы не білеміз? (фото)

Опубликовано:

Дональд Трамп АҚШ-тың жаңа президенті атанды. Ресми мәлімдеме жасалмаса да, оның қарсыласы Хиллари Клинтон Трампты құттықтап үлгерді. NUR.KZ порталы 45-ші президенттің Ақ үйге жету жолын назарларыңызға ұсынады.

Дональд Джон Трамп 1946 жылы 14 маусымда Куинсте (Нью-Йорк) дүниеге келген. Оның қыңыр, бірбеткей мінезін білген ата-анасы Нью-Йорктегі әскери академияның мектеп-интернатына оқуға жібереді. Пенсильвания университетінен экономика бакалавры дәрежесін алып шыққан. Оқу бітіре салысымен ол әкесінің қоластында құрылыс компаниясында жұмыс істей бастады.

Оның ең ірі жеке жобасы – Commodore қонақ үйін (қазіргі Grand Hyatt New York) қайта келтіруге бағытталған жұмыс.

1990 жылдары Трамп қаржылық тығырыққа тіреледі. Әсіресе, «Трамп Тәж-махал» деп аталатын ойынхана құрылысы кезінде қатты қарызданады. Тіпті, кредиторларға өз меншігіндегі мүліктің 49-50% беруге мәжбүр болады.

В 1982 жылы Forbes тарихта алғаш рет әлемнің ең бай 400 кәсіпкерін жариялады. Басылым келтірген мәлімет бойынша, Дональд Трамптың байлығы 200 миллион долларға бағаланған.

Трамп бірнеше рет үйленген. Ол бірінші әйелі чех спортшысы Ивана Зельчиковамен 1977 – 1992 жылдары бірге тұрып келген. Одан үш бала сүйген. Ал 1993 жылы Трамп Марле Мейпс деген модельмен отасады. Бұл некеден Тиффани есімді қызы бар. Үшінші рет Трамп 2005 жылы үйленді. Бұл жолы да оның таңдауы модельге түсті. Әйелінің аты – Меланье Кванс. Соңғы некеден Бэррон есімді ұл тәрбиелеуде.

1999 жылы Трамп реформа партиясының атынан президенттік сайлауалды кампанияға қатысып, жеке басының себептері бойынша жарыстан шығып қалды.

Трамп тек жылжымайтын мүліктен бөлек, сұлулық байқаулары (Әлем аруы, АҚШ аруы т.с.с), спорт (реслинг, гольф, футбол), дәрумен сату сияқты кәсіп түрлерімен айналысады.

2015 жылдың 16 маусымында АҚШ президенттігіне Дональд Трамп ресми түрде өзін Республикалық партия атынан қатысатын үміткер екенін мәлімдеді.

Алдын ала болжам бойынша сайлауда Хиллари Клинтон жеңуі тиіс еді. Алайда сайлау учаскелері жабыла салысымен басталған дауыс есептеу нәтижесінде Трамптың нақты жеңетіні белгілі болды. Оған демократтар өкіліне берілген дауыспен салыстырғанда 1 миллион артық дауыс берілген. Хиллари Клинтон Дональд Трампты жеңісімен құттықтап үлгерді.

Тағы оқыңыздар:

Дональд Трамп АҚШ президенті болып сайланды

Атын шығарғысы келген рудныйлық зейнеткер туған ұлын полицияға ұстап берді

Ақшаны уыстап шашатын қазақстандық бай жігіттер қалай көңіл көтереді? (фото)

Дональд Трамп жеңіске бір табан жақындай түскен соң, доллар бағамы төмендей бастады

Алматы облысында автобус жүргізушісі 9 жасар оқушыны шыбықпен аямай ұрған (фото)

Павлодар тұрғыны белгісіз біреумен Дубайға ұшып кеткен 7 жасар жиенін шарқ ұрып іздеуде

Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1311291-aqsh-tynh-zhanha-prezidenti-donald-tramp/