54 жылдан кейін қараша айында жауған қар жапондықтарды әбігерге салды (фото)

Опубликовано:

Жапония астанасы Токиода 1962 жылдан бері алғаш рет қараша айында ақ ұлпа қар жауды. Аяқ астынан жауған қар қалалық қоғамдық көлік жұмысын қиындатқан.

Қала билігі табиғаттың мұндай тосын сыйына дайын болмай шықты, деп хабарлайды Baq.kz.

Осы аптада Токиоға ығысқан суық ауа ағымдары Күншығыс елінің астанасына қар әкелді. Әдетте қараша айының соңында сынап бағанасы 10-17 градусты көрсетеді, ал осы жолы температура нөл градусқа дейін түскен.

Жапонияның метеоқызметтері тұрғындарға көктайғақ болуы мүмкін екенін ескертті.

Токиода әдетте қар қаңтар мен ақпан айларында түседі. Күнның жылы болатынына байланысты жауған қар көп ұзамай еріп кетеді.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Астананың атауын өзгертуге қатысты өз пікірін айтты (видео)

Сапарбаев қолынан смартфон тастамай, ұйықтап отыратын шенеуніктерді сілкіп алды

Танымал ақын Атамқұловпен бірге министрліктен жұмыс тапты

Қасиетті Қағбаны қорлаған үнділік мұсылмандардың қаһарына ұшырады

Ақтаулықтар 87 тәулік бойы өмірі үшін күрескен алты жастағы Викамен қоштасты (фото)

Әйгілі "МузАрт" тобының тарайтыны рас па?

Топырақтың астында қалған ақтөбелік жігіт екі ай бойы ес-түзсіз жатқан

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1327990-tokioda-54-zhyldan-keyin-alghash-ret-qar-zha/