Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жақынынан айырылған сайын бір саусағын кесіп тастайтын тайпа туралы не білеміз? (+18)

Опубликовано:

Батыс Гвинеяның ну қалың орманында өркениетті қоғаммен байланысы жоқ, ескі әдет-ғұрыптарын сақтап қалған "дэнни" тайпасы өмір сүреді деп хабарлайды nz1.ru порталына сілтеме жасап NUR.KZ.

Қалың орманның ішінде өмір сүретін тайпа 1938 жылы белгілі болып, оларға түсініксіз "дэнни" атауы берілген.

Бұл тайпадағы әйелдер - ежелгі салттың бір бөлшегі. Егер жақын туысы қаза болса, олар бір саусағын кесіп тастайды.

Саусағынан айырылу қайғының, мұңның белгісі болып есептеледі. Осылайша, тайпа әйелдері өмір бойы бірнеше саусақтарынан айырылады.

"Бұл ғұрып тек әйелдерге ғана қатысты орындалады. Мен үшін жауыздық. Олар үшін жақынын жоғалту қаншалықты қайғылы жайт екенін көрсететін жалғыз тәсіл - осы. Сондықтан ол бұл ғұрыпты өз еріктерімен орындайды", - дейді саяхатшы Тан Хан Лин.

Индонезия үкіметі саусақтарды кесуге тыйым салғанымен, тайпа бұл салтты әлі күнге дейін орындап келеді.

Айта кетейік, аталмыш тайпаны америкалық филантроп Ричард Арчибальд тапқан. Осыдан кейін тайпаның мәдениетіне қызыққан көптеген туристер Индонезияға қарай ағыла бастады.

Олардың арасында аборигендердің қолына түсіп қалған фотограф-саяхатшы Тан Хан Лин де бар.

"Олармен өзімді жақсы сезіндім. Себебі олар өте ашық жарқын. Олардың көбі Индонезия немесе ағылшын тілінде сөйлей алады. Алайда кейде айтқысы келген нәрселерді қимылмен және ымммен түсіндіреді. Түрлерінің өте қорқынышты болғанына қарамастан, олар мейірімді, адамдармен тез тіл табысып кетеді және сіздің тарапыңыздан да сондай жауап күтеді", - дейді фотограф-саяхатшы.

Суреттер желідегі әртүрлі дереккөзден алынды

Тағы да оқыңыздар:

Әйнектері шытынаған «Бәйтеректі» жөндеуге 400 миллион теңге бөлінбек

Еуропа лигасының топтық кезеңінде "Астана" алғаш рет жеңіске жетті (видео)

Сапарбаев қыздарын жұмысқа тұрғызу үшін $20 мың пара берген шенеуніктің жазалануын талап етті

Дәрігерлер бір аптаның ішінде аяздан үсіп қалған 20-дан астам адамның аяқ-қолдарын кесіп тастаған

Алматыда трансгендер еркекті көру үшін изоляторда кезекке тұрғандар көбейген (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1328421-zhaqyny-qaza-bolsa-bir-sausaghyn-kesip-t/

pixel