Ыстамбұлда жойқын жарылыстан көз жұмғандардың саны 38 адамға жетті
Опубликовано:
Ыстамбұлда болған екі бірдей жарылыстан кейін Түркияда ұлттық аза тұту күні жарияланды деп хабарлайды 24.kz.
Осыған байланысты елдегі барлық мемлекеттік мекемелердегі тулар төмен түсірілген.
Естеріңізге сала кетейік, жарылыстар «Водафон Арена» стадионында болған еді. Соңғы мәлімет бойынша, лаңкестік әрекеттен қаза тапқандар саны 38 адамға жетті. Жүзден астамы жараланды.
Құрбандардың көбі полиция қызметкерлері. Билік 13 күдіктіні қамауға алған. Президент Режеп Тайып Ердоған марқұм болғандардың отбасыларына көңіл айтып, «Түркия экстремистік ұйымдармен күресті жалғастыра береді» деп мәлімдеді.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ.
Тағы оқыңыздар:
Ердоған Ыстамбұлдағы терактіге байланысты Қазақстанға келмейтін болды
Ыстамбұлдағы терактіге байланысты Назарбаев Ердоғанға көңіл айтты
Головкин мен Джейкобстың тағдыры 19-шы желтоқсанда шешіледі
Арыстанға ұқсағысы келген танымал әйел түрмеден бір-ақ шықты
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1344521-ystambulda-zhoyqyn-zharylystan-koz-zhum/