Қытайда панда адамға тап беріп, екі білегін сындырып тастады

Опубликовано:

Қытайдағы Сычуань провинциясында үлкен пандаларды қорғау және зерттеу орталықтарының бірінде бамбук аюы қызметкерге шабуыл жасады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

41 жастағы Вэй деген қызметкер Симэй лақап атты 16 жасар панда ұрғашысымен бір вольерде болады. Жануар кенеттен адамға тап беріп, тістелеп, сүйрелей жөнеледі. Ер адамды әріптестері құтқарып қалған.

Қазіргі уақытта зардап шегуші ауруханада жатыр, жағдайы бір қалыпты. Панданың шабуылы нәтижесінде оның екі білегі сынып, аяғының сіңірі үзіліп кеткен. Сонымен қатар денесінде көптеген жарақаттар бар.

"Панданың қарны аш болды ма, әлде жай ойнағысы келді ме – әлі күнге дейін білмеймін. Мен оны кешірдім. Осы саланың маманы болғандықтан, жануарлардың қолынан не келетінін білемін", — дейді Вэй.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев министрлерге әзілдеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады

2016 жылғы табысы 8 миллион доллар болған отандық жұлдыз кім?

21 жастағы "Қырғызстан аруы" өлім аузында жатыр

Шыршаға дорбасыз келген Аяз атаны көпшілік Шықбермес Шығайбайға теңеді

Жаңа жыл қарсаңында елімізде дауылды ескерту жарияланды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1363752-qytayda-panda-adamgha-tap-berip-eki-bil/