Бір жылда 1000 кітап оқыған 4 жасар қызды жұрт данышпанға теңеді
Опубликовано:
Делайл Мари Арани есімді америкалық қыздың жасы небәрі төртте болса да, бүлдіршін бір жылда мың кітап оқыған деп хабарлайды Newsyou.info порталына сілтеме жасап NUR.KZ.
Арани екі жарым жасында-ақ өзінің алғашқы кітабын оқыды. Үлкен ағалары мен әпкелерінің дауыстап оқығанын естіп өскен ол кішкентайынан кітапқа құмар болған.
Кішкентай қыздарының ынтасын көрген ата-ана мектепке дейінгі білім беру орталықтарының тәрбилеушілермен бірге Делайлдың қанша кітап оқитынын бақылау үшін "Балабақшаға 1000 кітап" бағдарламасын іске асыруды жоспарлайды.
Нәтижесінде, бүлдіршін бір жылда мың кітапты оқып бітірген. Сонымен қатар, балабақшаға келер жылы күзде баратынын ескере отырып, ол тағы 500 кітап оқуды көздеп отыр.
Ең қызығы, Арани 10 және 12 жастағы бауырларының әкелген кітаптарын еш қиындықсыз оқи береді екен. Сондай-ақ, ол колледждің деңгейіндегі оқулықтарды да парақтай алады.
Бұл оқиға Конгресс кітапханасының директоры Карла Хейденнің назарынан тыс қалмай, ол Делайлды әлемдегі ең үлкен кітапханалардың біріне шақырып, басшылықтың жиналысына қатыстырған.
Тағы оқыңыздар:
"Келін" фильмінде төсек сахналарын ойнаған актриса Ермек Тұрсыновтың "өтіріктерін" елге жайып салды
Бішкек маңындағы ұшақ апатынан 32 адам қаза болды (фото, видео)
Мессиді Иньеста мен Неймардан жоғары қойған директор қызметінен қуылды
Мұхтар Тайжан қоғамдық орындарда қазақ әндерін қосуды талап етті
Рио-да жүлде ала алмаған боксшы «Астана Арланстың» жаңа капитаны болды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1376866-bir-zhylda-1000-kitap-oqyghan-4-zhasar-qyzdy-zhu/