Гамбияның бұрынғы президенті елден безіп кетті
Опубликовано:
Гамбияны 20 жыл басқарған бұрынғы президент Яйя Джамме билікті Адама Бэрроуға беріп, елден безіп кетті деп хабарлайды 24.kz.
Дереккөздердің хабарлауынша, ол Гвинея астанасы Конакриге бас сауғалаған. Себебі, оның қасында саяси дағдарысты шешуге ара ағайындық жасаған осы елдің президенті Альфа Конде болған.
Еске сала кетейік, бұдан үш күн бұрын Сенегал, Нигерия және Гана мемлекеті Гамбияға басып кіретіні жөнінде мәлімдеген. Өйткені, Джамме өткен жылы желтоқсанда президенттік сайлауда жеңіске жеткен Адама Бэрроуға билікті беруден бас тартқан болатын.
Бірақ, сенбі күні аталған үш елдің ниетінен кейін тақтан таюына тура келді. 51 жастағы Яйя Джамме Гамбияны 1994 жылдан бері басқарды. Ол билік басына әскери төңкеріс нәтижесінде келген еді.
Тағы оқыңыздар:
Ақтөбеде шенеуніктер мен мемқызметкерлер киім ілетін жерге сыймай қалды (видео)
БҰҰ-ның арнайы елшісі Астанада өтетін Сирия бойынша келіссөзге келді
Астана процесіне АҚШ атынан Қазақстандағы елшісі қатысатын болды
Қанат Ислам келесі жекпе-жегіне қалай дайындалып жатыр? (видео)
Астана тұрғыны қала әкімін ұлтшыл, халықшыл болуға шақырды
Алматылық жігіт өзінің әпкесінен 90 млн теңге ұрлап кетті
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1383381-gambiyanynh-burynghy-prezidenti-elden-b/