Тәжікстанда жыныстық сырқаты жоқ жас жұбайлардың ғана некесі қиылуы мүмкін

Опубликовано:

Тәжікстан билігі денсаулығын толық тексерткен жас жұбайлардың ғана некесін қиюға рұқсат беру керек деген ұсыныс жасады. Бұл туралы NUR.KZ порталы bbc.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Осылайша жас жұбайлар бір бірінің денсаулығында қаншалықты кінәрат барын алдын ала біліп отырады. Бұл өз алдына жыныстық жолмен берілетін сырқаттардан сақтанып, дені сау ұрпақтың келуіне септік болады дейді биліктегілер.

"Ұсынысымыздың маңыздылығын түсіндіріп өтейін. Неке қиылмай тұрып жас жұбайлар толық тексерілуі керек. Олардың денсаулығы қандай екенін біліп отырған дұрыс. Кейбірі бізге айттырмай-ақ медициналық анықтама алып келеді. Ал кейбірі мұндай талапқа ашуланып жатады", - дейді өңірдегі АХАЖ басқармасының басшысы Саодатбиби Сироджева.

Оның айтуынша, бұл - болашақ ұрпақтың дені сау болуы үшін жасалып жатқан қадам.

"Әзірге бізге жұқпалы ауыр сырқаттары бар жұптар келген емес. Дегенмен олар алдымызға келсе, райынан қайтаруға барынша тырысатын боламыз. Балалардың дені сау болу керек", - дейді ол.

Биліктің мұндай қадамға баруына елдегі қыз-келіншектердің жиі жыныстық ауруларды жұқтыратыны себеп болған.

"Ауру жұқтырған әйелдердің 90%-ы бұл туралы тек тойдан кейін білген. Ал шындық ел арасында таралып кетсе, күйеулері әйелдеріне қол көтеретінді шығарды", - дейді Душанбедегі "Әйелдер орталығының" директоры Шахло Джураева.

Билік жақын арада тек сөзбен жасалған ескертулерді Отбасы кодексіне енгізбек. Яғни, енді жас жұбайлар некеге тұрмас бұрын міндетті түрде медициналық тексерістен өтетін болады.

Дегенмен бұл заңдағы өзгерістердің кей тұстары тұрғындардың алаңдаушылығын тудыруда. Мәселен, медициналық тексеріс қыздың пәктігін де анықтайтын бола ма? Бұл сауал талай адамның некесін бұзуі мүмкін екенін алға тартқан жастар заңдағы өзгерісті құптап отырған жоқ.

Тағы оқыңыздар:

Дәрігерлер жүрекке отаны қалай жасайды? (фото +18)

Ақжарқын Тұрлыбай Қытай түрмесінде қандай жұмысқа салынды?

Астаналық келіншек Instagram-да құрбысының суретіне лүпіл басқаны үшін күйеуімен ажыраспақ

Тойда әйелдің мойнына мініп билеген ер адам көпшіліктен сөз естіді

Тәуекел Мүсілімнің қырғыз қызымен сүйіскен суреті желіні шарлап кетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1385453-tazhikstanda-zhas-zhubaylargha-nekesin-q/