"Қашан тұрмысқа шығасың" деген сөзден шаршаған арулар уақытша жігіт жалдап жатыр

Опубликовано:

Қытайда жаңа жыл қарсаңында жалдамалы «күйеу балаға» сұраныс артты. Көктем мерекесін қытайлықтар отбасымен бірге қарсы алу мызғымас дәстүрге айналған деп хабарлайды 24.kz.

Дәл осы уақытта ата-аналары мен туысқандары жастарды сұрақтың астына алып, тезірек отбасылы болуын тілейді. Ал бұл елде тұрмыс құрмаған қыздар саны жылдан жылға артып келеді. Бойжеткендер соңғы жылдары туған-туыстың сөзінен қашып, мереке күндері өзіне серік болатын жігіттерді жалдап алатын болған.

Жалданбалы «күйеу балалар» түрлі әлеуметтік желіде өздерін жарнамалап әлек. Жеке дерекке бойын, салмағын, жұмыс орнын көрсетіп, тіпті қыздың ата-анасы үйлену туралы қандай сұрақ қойса да, жауап беруге дайын екендерін ашық жазады.

"Үйге қайтқан соң, бір жылдық жаңалықтарымен бөлісу керек қой. Ал үлкендер жағы қашанғы осылай жүресің, тұрмыс құратын уақытың жетті деп жан-жақтан психологиялық қысым жасайды. Осы сұрақтан жеңіл құтылу үшін бойжеткендер уақытша «жігіт» жалдауға мәжбүр", - дейді Бейжің қаласының тұрғыны Чжау Юбо.

Қытайдың QQ әлеуметтік желісінде жалдамалы «бойфренд»-ті бір тәулікке жалға алу 600-ден 1000 юаньға бағаланса, мереке күндері 1000-1500 юаньға дейін қымбаттайды.

Ары-бері жүрген жол ақысы мен басқа да шығынды қыз көтереді. Ойы мен бойы бойжеткен талабына сай болса, келісім шартқа отырады. Туыстары сезіктеніп қалмас үшін ертерек кездесіп, не айтатындарын ақылдасып алады.

Тағы оқыңыздар:

БАҚ: Қазақстандық олигарх өзіне қол салмақ болды

Каспий теңізіндегі аш қасқырлар мұнайшылардың зәресін ұшырды

Павлодарлық жас полицей 76 жастағы қарияны өрттен аман алып шыққан

Атыраулық азамат араққа ақша табу үшін зейнеткерді ұрып өлтірген

ОҚО-да үйі өртеніп кеткен отбасы өлместің күйін кешуде (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1390353-qashan-turmysqa-shyghasyn-degen-sozden-sh/