Өзбек ақыны Мирзияевтан әуежайға Каримовтің есімін бермеуін талап етті

Опубликовано:

Өзбекстанның халық ақыны Жамол Камол (Камолов) ел президенті Шавкат Мирзияевтан Ташкенттегі халықаралық әуежайға бірінші президент Ислам Каримовтің есімін беру туралы жарлықтың күшін жоюын сұрады деп жазады centralasian.org.

"Менің пікірімше, Ислам Каримовтің есімін ұлықтау туралы құжат асығыс қабылданған", - деп жазды 77 жастағы ақын. Каримовтың есімі берілетін нысандар саны өте көп - "мұражайлар, саябақтар, жоғарғы оқу орындары, ескерткіштер, ұйымдар мен көшелер".

"Осы орынды ма? Оның есімін Ташкент халықаралық әуежайына беру - артық кеткендік болар", - деді ол Eltuz.com сайтына.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 25 қаңтарда республиканың алғашқы президенті Ислам Каримовтің есімін ұлықтау туралы жарлыққа қол қойды. Құжат бойынша, елдегі бірқатар нысан мен мекемеге соның аты беріледі. Олардың арасында Ташкент техникалық университеті, Асактағы автомобиль зауыты, Ферғанадағы Өнер сарайы, Ташкенттегі халықаралық әуежай бар.

Оның үстіне, президент жарлығына сәйкес, Өзбекстанда жыл сайын Каримовтің туған күні (30 қаңтар) атап өтіледі, ал 2 қыркүйек - Бірінші президентті еске алу күні деп жарияланды.

Өзбекстанды 26 жыл билеген Ислам Каримов 2016 жылы 2 қыркүйекте 78 жасында қайтыс болды.

Тағы оқыңыздар:

Елбасының атын тарихта қалдыру туралы депутаттар не деді? (видео)

ОҚО әкімі 8 наурызда жарына қандай сыйлық дайындағанын айтып берді (видео)

Ғалымдар қатерлі ісіктің барлық түріне қарсы препарат ойлап тапты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1428986-ozbek-aqyny-mirziyaevtan-tashkent-auezh/