Ата-аналардың сыйлығын менсінбеген ұстаздың басы дауға қалды (фото)

Опубликовано:

Сочидегі сегізінші гимназияның бесінші сынып оқушыларына ұстаздық ететін әйел 5000 рубль (шамамен 27000 теңге) тұратын сыйлыққа разы болмай, оқушысының ата-анасына ауыр сөздер айтқан. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тарих пәнінің мұғалімі Элла оқушылардың ата-анасы сегізінші наурызға берген сыйлықты жақтырмай қалған. Олар ұсынған конвертте "бар-жоғы 5000 рубль" болыпты. Бұған ашуланған әйел оқушылардың ата-анасына смс-хабарлама жолдайды. Онда ұстаз "оқушыларына сіңірген еңбегін бұдан жоғары ақыға бағалайтынын айтып, бүкіл сынып оның құнын түсіріп жібереді деп күтпегенін" жазған.

Бұл хабарламасынан кейін мектепте шу шығып кетеді. Ұстаз хабарламаны эмоцияға берілген сәтте жазғанын айтып ақталған. Бұл хабарламаның скрині әлеуметтік желіде тарап кетіп, мұғалім өз кінәсін мойындады.

Тағы оқыңыздар:

Қарақат Әбілдина бесінші баласын қашан босанатынын айтты

ОҚО билігі мереке қарсаңында 12 батыр ананың өтінішіне құлақ аспады (фото)

Президент атануға үміткер әйел жалаңаш төсімен дауыс жинамақ болды (фото)

Парижді бағындырған қазақстандық сәнгер Семей әкімдігіне қалай жұмысқа тұрды?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1433200-reseylik-ustaz-ata-analardynh-syylyghy/