Маньяктар туралы кітапты көп оқыған оқушы 40 адамды өлтірмекші болды (фото)
Опубликовано:
Екатеринбургте 8 сынып оқушысының қатысуымен жантүршігерлік оқиға орын ала жаздады. Маньяктар туралы кітаптарды оқып алған қыз өз сыныптасын пышақтап тастамақ болған деп хабарлайды «Комсомольская правда» басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.
Екатеринбург лицейінің оқушысы Вероника Симонян 5-ші сыныпқа дейін (аты-жөні өзгертілген) оқуда озат, мұғалімдердің сүйіктісі болған. Бастауыш сыныпты тәмамдаған Никаны әжесі Пятигорскке алып кетеді. Ол жерде бір жыл оқыған қыз бұрынғы тұрғылықты жеріне қайтып оралады.
Қайтып оралған оқушыны мұғалімдері мен сыныптастары қуана қарсы алады. Бірақ мектептен әжесінің қалауымен бір жылға кеткен оқушы мен қайтып келген қыздың мінез-құлқы адам танымастай өзгеріп сала берген.
Ешкімде шаруасы жоқ қыз өз бетінше бөлек жүріп-тұруды жөн көреді. Бұрын каратемен айналысатын оқушы оны да тастап кетеді.
Бір апта бойы сабаққа келмеген Вероника қайтып келісімен сыныптастарына қарсы қанды шайқас ашады.
"Вероника үзіліс кезінде екі сыныптасымен дәретханаға кіреді. Өзінің психологиялық тәжірибе жүргізетінін айтқан ол екіншісін шығып кетуін өтінеді", - деп түсіндірді дереккөз.
Оның өтінішін орындап, сыныптасы дәрітханадан шығып кеткеннен кейін Ника Полинаның ішіне пышақпен соққы жасамақ болады. Абырой болғанда оның қорғансыз қалған қызға сілтеген пышағы өткір болмай шығады. Десе де, пышағын арлы-берлі сілтеуді доғармаған қыз сыныптасының мойнын жарақаттайды. Қыздың жан-ұшырған даусын естіген мұғалім оқиға орнына жүгіріп жетеді.
Тиісті орган қызметкерлерінің оқиғаға себепші болған қандықол қыздан не себепті бұндай әрекетке барғанын сұрағанда маньяктар туралы кітаптарды оқып, соларға айналғысы келетіндігін айтқан.
"Мен өлтіруге кірістім. Құрбандарымның тізімінде 40 адам бар. Полина тізімде бірінші болып тұр", - дейді оқушы.
Қазір кітапта жазылған жазбалардың ықпалында кеткен оқушы психотерапевттің қарауында емделіп жатыр.
Мойнынан жарақат алған сыныптасы болса ауруханаға жатқызылған. 40 адамды өлтірмек болған 8 сынып оқушысына қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Тағы оқыңыздар:
Ақжарқын Тұрлыбай 23 жасын Қытай түрмесінде қарсы алды (фото)
Семейлік жезөкше бір түнде оннан аса еркекті қабылдайтынын айтып мақтанды
Бағым Мұхитденова: Бақытбек Баянды кез-келген еркектен қызғанатын
Қуат Найман: Пайдасыз депутаттардың кімге және не үшін қажеті бар?
Шавкат Мирзияев Наурыз мерекесін Назарбаевпен бірге қарсы алатын болды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1438069-manyaktar-turaly-kitappen-susyndagha/