Бес жасар баласын тіл алмағаны үшін өлтіріп тастаған мәскеулік әйел жұртты шошытты
Опубликовано:
2015 жылдың қыркүйек айында Мәскеу облысында 31 жастағы әйел бес жасар баласын тіл алмағаны үшін өлтіріп тастап, туған-туыстарына ұлының қыдырып кеткенін айтқан деп хабарлайды "Комсомольская правда" газетіне сілтеме жасап NUR.KZ.
Мәскеу облысы, Дмитровский ауданының тергеу бөлімі басшысы Андрей Ивановтың сөзінше, баланы аяусыз ұрғаннан кейін анасы сәбидің мәйітін өз үйінен бірнеше метр жерде орналасқан көрші бақшаға көміп тастайды. Әйел қалған уақыттың бәрінде тып-тыныш екі жасар қызын бағып, өмір сүрген.
Бала өлімін ол жарты жыл бойы өтірікпен жауып келеді. Баланың әкесімен байланыс болмаған, ал бірге тұратын қазіргі күйеуіне баласын туыстарының үйінде деген. Туған анасы және бауырымен мүлдем араласпапты. Баласы балабақшаға да бармағандықтан оның жоқтығын ешкім байқамаған.
2015 жылдың аяғында оған бауыры мен әйелі келіп, "Бала қайда?" деп сұрағанда үйірмеге қатысып, бір жерде қыдырып жүр деген сылтау айтады. Екі апта өткеннен кейін ғана туыстары "баланы наурыздың 10-на дейін бізге әкелмесең, полицияға шағым түсіреміз" деп қорқытқан.
Енді бала өлімі үшін әйел адам 20 жыл түрмеге отыруы мүмкін. Оның қызы емханада, қыздың тағдырын қамқорлық ұйымдары шешетін болады.
Тағы оқыңыздар:
Қуат "Найман": Шындықты айтатын адамдардың депутат болуы екіталай
Алматы облысының тұрғыны қыздарды шетелдіктердің қойнына салып бермек болған
Тұрғындар емхана қызметкерін кепілде ұстаған ақтөбелік жігіттің ақкөңіл болғанын айтуда (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1440192-bes-zhasar-balasyn-til-almaghany-ushin-ol/