Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жер бетінде дінсіздердің саны күрт азайып кеткен

Опубликовано:

АҚШ пен Малазйзия ғалымдары атеистер мен Құдайға сенушілердің туу көрсеткішін зерттей келе дінсіздердің жойылып бара жатқанын анықтады деп жазады Skifnews.kz.

Олардың пікірінше, атеистердің өмір сүру салты мен мәдениеті ғана емес, сондай-ақ, генетикалық факторлар да туу көрсеткішінің төмендеуіне әсер еткен. Осынау ғылыми мақала Naked Science порталында жарияланды.

Ғалымдар барлығы 4 мыңдай адамды зерттеген, олардың барлығына жуығы жастар. Респонденттер отбасында қанша ағайынды екені және қандай дінді ұстанатындары туралы сұрақтарға жауап берген.

"Анықталғандай, Малайзиядағы атеистердің отбасында дін ұстанатын отбасылармен салыстырғанда 1,5 сәбиге кем туылады. Бірақ, АҚШ-та соншалықты айырмашылық жоқ", - делінген аталған зерттеуде.

Ғалымдардың сөзінше, атеистер уақыт санап азайып барады. Ал, Құдайға сенушілердің қатары қарқынды түрде өсуде.

"Дамыған ел тұрғындарының көпшілігі Құдайға сенбейді. Бірақ, мұндай атеистердің қатары соңғы жылдары күрт азайып барады. Мәселен, атеистік Швецияда бір әйелге 1,91 сәбиден келеді. Бұл жергілікті халықтың санын сақтап қалу үшін өте аз көрсеткіш. Кем дегенде, бір әйелге 2,1 сәбиден келуі керек", - дейді америкалық ғалымдар.

Тағы оқыңыздар:

Данияр Ақышев: Менің жұмыс істеуіме ешкім кедергі келтірген жоқ

Канадада ұсталған Қазақстан тумасы шетелде шалқып өмір сүрген (фото, видео)

Қытай түрмесіндегі Ақжарқын Тұрлыбайдың туған күніне арналған ролик жарыққа шықты (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1440944-ghalymdary-dinsizderdinh-zhoyylyp-bara/

pixel