Үш жыл бойы іздеуде болған бүлдіршіннің денесі мектеп ауласынан табылды
Опубликовано:
Үш жыл бұрын Ресейдің Краснояр аумағында ұл-бала белгісіз себептермен із-түзсіз жоғалып кеткен болатын, сол бүлдіршіннің мәйіті мектеп ауласынан табылды деп жазады qamshy.kz.
Оның денесі мектеп жанындағы өртке қарсы су жиналатын резервуардың ішінде үш жыл бойы жатқан деп хабарлайды Рен.ТВ. Үш жыл бойы іздеуде болған 9 жастағы Константин Черновтың мәйіті 15 наурызда табылды. 2 сынып оқушысы 2014 жылдың желтоқсанында сағат 15:00 шамасында мектептен шығып, үйіне оралмаған.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс жүргізіп жатыр. Табылған бала мәйітінің нақты Константин Черновтікі екенін анықтау үшін оның денесі молекулярлық-генетикалық сараптамаға жөнелтілді.
Тағы оқыңыздар:
Назарбаев Қазақстанның Мысырдағы елшісін тағайындады
Ақтөбеде 5 сағат бойына әйелді кепілде ұстаған жігіттің видеосы пайда болды (видео)
Канадалық мұғалім қызға ұқсағысы келген оқушының шашын қиып тастады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1441187-ush-zhyl-boyy-izdeude-bolghan-buldirshinn/